Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1114 Қаулысымен бекітілді 2011 жылғы 20 қарашада күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі, екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мақсатында, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей қабылданған бір-бірінің ішкі жұмыстарына араласпау, теңдік және бейбіт өмір сұру қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып, сулы қоршаған ортаны сақтау, трансшекаралық өзендерді ластанудан қорғау және трансшекаралық өзендер суының сапасын қорғау үшін бүгінгі және келешек ұрпақ алдындағы өз жауапкершілігін сезіне отырып, Қазақстан мен Қытайдың трансшекаралық өзендері суының сапасын қорғау саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға және мәселелерді бейбіт реттеуге ықпал етуге ниеттене отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісім Тараптардың осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген бағыттар бойынша ынтымақтастығы шеңберінде олардың трансшекаралық өзендер суының сапасын қорғау жөніндегі қызметін регламенттейді.
Осы Келісімде қолданылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар: 1) «трансшекаралық өзендер» - Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Мемлекеттік шекара сызығын кесіп өтетін немесе Мемлекеттік шекара сызығында орналасқан өзендер; 2) «трансшекаралық әсер» - адам қызметінің себебінен трансшекаралық өзендер суы сапасының төмендеуі нәтижесінде туындайтын басқа Тарап мемлекетінің аумағындағы ластаушы көздері толығымен немесе ішінара басқа Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан зиянды салдар.
Тараптар мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|