Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы (2018.19.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.19.01. № 1 Нормативтік қаулысымен тақырыбы және кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.19.01. № 1 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «заңдар», «заңдарында», «заңдарымен», «заңдарда», «заңдардың» деген сөздер тиісінше «заңнама», «заңнамасында», «заңнамасымен», «заңнамада», «заңнаманың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Жер заңнамасын дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулыетеді: 1. Жер құқықтық қатынастары мәселелерін реттейтін заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының Жер кодексінен (бұдан әрі - Жер кодексі) және Қазақстан Республикасының осыған сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасының жер, экология, орман, су заңнамасында, жер қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамасында өзгеше қарастырылмаса, жер учаскелерін иелену, пайдалану және оларға билік ету, сондай-ақ олармен мәміле жасасу бойынша мүліктік қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі. Жер кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін қабылданған жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілер осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. ҚР Жоғарғы Сотының 2018.19.01. № 1 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртібімен қаралады. Жер құқығы қатынастары деп жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын, жекелеген субъектілерге бекітілген жер учаскелерін басқаруға байланысты жерді пайдалану және қорғау жөніндегі құқықтық қатынастарды ұғыну керек. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|